Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы

білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ
КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования
города Сатпаев управления образования области Ұлытау

МЕНЮ
В 1 В прошёл урок безопасности на тему «Азбука дорожной безопасности».
Цель занятия– формирование у первоклассников правильного представления о правилах дорожного движения, развитие навыков безопасного поведения на улице и около проезжей части.
На уроке ребята:
* познакомились с основными дорожными знаками и их значением;
* повторили, как правильно переходить дорогу по пешеходному переходу и на светофоре;
* узнали, почему важно быть внимательными на улице и всегда соблюдать правила;
* участвовали в практических заданиях и играх, которые помогли закрепить знания.
Дети усвоили, что соблюдение правил дорожного движения – это забота о собственной жизни и здоровье, а также проявление ответственности перед окружающими.
545612794 1581073352874720 2253484262881896375 n  546169571 1581073322874723 4329176490478019590 n
2025 жылдың 10 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы ұйымдастырған «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» тақырыбындағы онлайн семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингке С.Сейфуллин атындағы гимназиямыздың білім алушылары белсене қатысты. Оқыту барысында қатысушыларға әділеттілік тұжырымы: тарихи дәстүрлер және қазіргі заманғы пайымдаулар, «Әділетті Қазақстан» саяси бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері мен құндылық бағдарлары жайлы мазмұнды ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, командада жұмыс істеу әдістері, әлеуметтік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру жолдары тәжірибелік тапсырмалар арқылы меңгертіліп, оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Семинар-тренинг барысында алған білім мен тәжірибе гимназия оқушыларының әлеуметтік белсенділігін арттыруға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және әділетті қоғам құрудағы жауапкершілігін сезінуге ықпал етті.
5 қыркүйек күні "С.Сейфуллин атындағы гимназиясы" КММ-де 9–11 сынып оқушыларына арналған кездесу өтті. Кездесуге «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесі» ҚБ Сәтбаев филиалының басшысы Мулахов Әбуләйіс Түсіпбекұлы және ақпараттық-түсіндіру тобының бөлім басшысы Жағыпаров Еркебұлан Маратұлы қатысты.
Кездесу барысында «Деструктивті ақпараттан қалай сақтанамыз?» тақырыбында әңгіме өрбіді. Мулахов Ә.Т. оқушыларға жат ағымдардың қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беріп, олардан сақтанудың жолдарын нақты өмірлік мысалдармен байланыстыра түсіндірді. Сонымен қатар, ол жастарды ізденуге, білім алуға, өнер-білімге құштар болып, білікті маман иесі атануға шақырды. Әңгіме барысында өңіріміздің өркендеуіне қажетті мамандық иелерін даярлау мәселесі де сөз болды.
Ә.Т. Мулахов жастарды жоғары білім алып, болашақта Ұлытау облысының дамуына өз үлестерін қосуға үндеді. Оқушылар құнды ақпарат алып, өздерінің болашағына қатысты ой түйді.
542619854 1576559536659435 9071606348267630617 n
Әдістемелік кабинеттің жұмыс жоспарына сәйкес білім беру ұйымдарында
5 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан халқы тілдері күніне және АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ туған күніне орай өткізілетін ісшаралар:
«Қазақ тілі және ұлт ұстазы – Ахмет», «Ахмет Байтұрсынұлы және тіл тағылымы» тақырыбында әдеби және сынып сағаттар
5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне және Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орай кемеңгер ақын, жазушының шығармашылығын насихаттау мақсатында кітап көрмесі: «Тіл – рухани қазына»
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында шығармалар байқауы. Оқушы жұмыстарын әлеуметтік желілерде
Хештегімен жариялау
«Мен қазақ тілін құрметтеймін» орыс сыныптарындағы оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқуы
«Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап» тақырыбында бастауыш сыныптар арасында Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдерін, мысалдарын мәнерлеп оқу сағаттары (орыс, қазақ сыныптар)
«Тілдария» шешендік өнер байқауы
542751028 2281770648949338 17273560603474971 n  542755770 2281770748949328 231458738318479793 n  542756917 2281771025615967 4626350620444492658 n
© 2025 Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы

білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования
города Сатпаев управления образования области Ұлытау