5 қыркүйек күні "С.Сейфуллин атындағы гимназиясы" КММ-де 9–11 сынып оқушыларына арналған кездесу өтті. Кездесуге «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесі» ҚБ Сәтбаев филиалының басшысы Мулахов Әбуләйіс Түсіпбекұлы және ақпараттық-түсіндіру тобының бөлім басшысы Жағыпаров Еркебұлан Маратұлы қатысты.
Кездесу барысында «Деструктивті ақпараттан қалай сақтанамыз?» тақырыбында әңгіме өрбіді. Мулахов Ә.Т. оқушыларға жат ағымдардың қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беріп, олардан сақтанудың жолдарын нақты өмірлік мысалдармен байланыстыра түсіндірді. Сонымен қатар, ол жастарды ізденуге, білім алуға, өнер-білімге құштар болып, білікті маман иесі атануға шақырды. Әңгіме барысында өңіріміздің өркендеуіне қажетті мамандық иелерін даярлау мәселесі де сөз болды.
Ә.Т. Мулахов жастарды жоғары білім алып, болашақта Ұлытау облысының дамуына өз үлестерін қосуға үндеді. Оқушылар құнды ақпарат алып, өздерінің болашағына қатысты ой түйді.






