11 «А» сыныбында сынып жетекшісі Айжан Тлеухановна «Терроризм қаупі кезінде не істеу керек?» тақырыбында сынып сағатын өткізді. Сабақ барысында оқушыларға қауіп төнген жағдайда дұрыс әрекет етудің маңызы түсіндірілді.
Мұғалім террористік жағдайлардан сақтану жолдарын атап өтіп, ең бастысы – сабыр сақтау, құқық қорғау органдарының нұсқауларын орындау, күдікті заттар мен адамдар туралы дереу хабарлау қажеттігі айтылды.Сабақта «Қауіпсіздік мәдениеті» ұғымы ашылып, әрбір азаматтың сақтық пен жауапкершілігі ел тыныштығы үшін маңызды екені талқыланды. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салып, төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсінді.
Балалар өздерінің қауіпсіздік ережелерін білетінін және әрқашан сақ болуға дайын екенін жеткізді.






