Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы

білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ
КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования
города Сатпаев управления образования области Ұлытау

МЕНЮ

16-шы наурыз, сенбі күні Сәкен Сейфуллин гимназиясында 9-шы сынып оқушыларына арналған "DSS Speaking Club" жобасының шеңберінде кезекті ағылшын тілінің сөйлесу клубы өткізілді. Тілдесу клубының барысында тыңдалымды және ағылшын тілінде сөйлеуді дамытуға арналған тапсырмалар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Justin Timerlake-тің “Can’t stop the feeling” әнін қарау және жаратылыстану гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша ағылшын тілінде сұрақтарға жауап беру тапсырмаларымен қамтылды.

Қазақтың ұлттық киімі - қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі.
Ұлттық киіміміз сонау көшпелі заманнан салт-дәстүрімен бүгінге дейін жалғасын табуда. Қазақы киімдер жыл мезгілдеріне және жас ерекшелігіне қарай бөлінеді. Киімдеріміздің пішіндері мен нақыштары ерекше болғандықтан, оған кез келген ұлт қызығып қарайды. Олардың кейбірі бұрынғы заманнан сақталып, ал кейбірі заманауи өзгерістерге ұшыраған. Ал кейбіреулері өкінішке орай, мүлде сақталмаған. Осы орайда Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы қарсаңында жас ұрпаққа ұлттық киімнің аталуына қарай дәріптеу мақсатында гимназиямызда “Сымбат модельдік агенттігінің” дефилесі өтті. Дефиледе киімнің атауларына қарай түрлері көрсетілді.

Гимназия парламентінің ұйымдастыруымен 1-наурыз Алғыс айту күніне орай “Мейірімге толы балалық шақ!” атты іс-шара “Маруа Құлұшева атындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы” КММ-де іс-шара өтті. Іс шара барысында 4 және 14 жас аралығындағы балаларға концерттік бағдарлама қойылды. Парламент министрлері балалардың көңілін көтеріп, қызықты ойындар мен көріністер қойып, балақайлармен көңілді би биледі. Іс шара аяқталған соң балаларға арналған тәтті фуршет жасалды. Қайырымдылық шарасын өткізгені үшін балалар орталығының директоры оқушылар мен жетекшілерге үлкен алғысын білдіріп, оқуларына табыс тіледі.

© 2025 Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы

білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования
города Сатпаев управления образования области Ұлытау