Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған Сәтбаев қаласы әкімінің кубогы дебат ойындарында біздің мақтаныштарымыз “Абсолют” қазақ фракциясы 2-орын және 30000 теңгелік сертификат, “Авеста” ағылшын фракциясы 1-орын және 50000 теңгелік сертификат иеленді. Сонымен қатар, “Аксиома” ағылшын фракциясының спикері Ульянова Таисия “Үздік спикер” атанып, 10000 теңгелік сертификатқа ие болды. Жеңіске жеткен екі команда да облыстық дебат турниріне жолдама алды. Құттықтаймыз!