Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы

білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ
КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования
города Сатпаев управления образования области Ұлытау

МЕНЮ
5-қазан Ұстаздар күні қарсаңында Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның директоры Гульсана Амантаевна Джакипова облыстық Үздіктер байқауында «Үздік директор – 2025» номинациясымен марапатталды. Бұл мәртебелі марапат – гимназия ұжымының соңғы үш жылдағы қажырлы еңбегінің, табанды ізденісінің және жарқын жетістіктерінің айғағы десек, артық айтқандық емес.
Гүлсана Амантайқызы басшылық еткен уақыт ішінде гимназия көптеген биік белестерді бағындырды:
• Үш жыл қатарынан облыстық деңгейде «Инновациялық мектептер арасындағы үздік олимпиадалық команда», «Қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша үздік олимпиадалық команда» атағына ие болды;
• 2023 жылы «Үздік мектеп» атанды;
• 2024 жылы «ARQA» білім сапасын бағалау және аккредиттеу жөніндегі тәуелсіз агенттік тарапынан 5 жылға аккредиттелді;
• 2025 жылы Қазақстан Республикасы Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ресми рейтингі бойынша еліміздегі 100 үздік мектептің қатарына енді.
2024–2025 оқу жылында Гульсана Амантаевна гимназия қабырғасында Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай республикалық ғылыми-практикалық конференция мен облыстық деңгейдегі әдістемелік семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына ұйытқы болды. Бүгінде Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия – өңіріміздегі беделі жоғары, жаңашылдыққа ұмтылған, табысты білім ордасы. Мұндай жетістікке жетуде Гульсана Амантаевнаның еңбегі ерекше екенін айрықша атап өткен жөн.
Гульсана Амантаевнаны осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз
557636210 1600075747641147 5974534642541493277 n  557634395 1600075724307816 2481958144302184440 n  557631513 1600075714307817 4212001524637109465 n
Ұстаздар күніне арналған “Мың алғыс саған, ұстазым” атты сахналық қойылымы.
Сценарий авторы: Бұқар Амангелді Оразұлы
558211887 1600970657551656 5821177189166902959 n  557639507 1600970667551655 6004060356574205183 n
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз жас ұрпақтың жүрегіне нұр құйып, ізгілік пен білімнің шамшырағын жағып келеді. Осы орайда қалалық "Ұстаз – ұлт шамшырағы" атты мерекелік іс-шарада марапатталған барша әріптестерімізді шын жүректен құттықтай отырып, еңбектеріңізге толайым табыс, шығармашылық жетістіктер, шәкірттеріңіздің алғысы мен құрметіне бөлене берулеріңізді тілейміз.
⚜️«Үздік директор» – Джакипова Гульсана Амантаевна
⚜️ “Үздік директордың орынбасары” – Сеилова Ақерке Абдулиевна
⚜️«Ұлағатты ұстаз» – Естиярова Роза Абсалыковна
⚜️«Үздік пән мұғалімі»– Акимжанова Гаухар Сауалхановна
⚜️Ұлытау облысы Білім басқармасының Құрмет грамотасы – Байкісі Меруерт
⚜️Кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен – Бикмуллина Гульнара Рашитовна, Панькова Елена Осиповна, Сеилова Акерке Абдулиевна.
Марапаттарыңыз құтты болып, мәртебелеріңіз асқақтай берсін, құрметті әріптестер!
558992302 1598996401082415 8601101802162167806 n  557740709 1598996411082414 5156327481244881175 n
© 2025 Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы

білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования
города Сатпаев управления образования области Ұлытау