Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ
КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования города Сатпаев управления образования области Ұлытау
Күзгі демалыс уақытында Гимназия Парламенті мен Жас Ұлан ұйымының жос
пары бойынша “Асар” челленджі ұйымдастырылды.
Челлендж мақсаты: бірлесе отыра қайырымдылық жасау, ұжымдаса көмектесу.
Толығырақ...
“Мектеп қауіпсіздігі” жобасы аясында гимназия Парламенті әлеуметтік эксперимент өткізді. Эксперимент барысында қаламыздың тұрғындары жастар болашағына немқұрайлы қарамайтындығына көзіміз жетуде.
Толығырақ...
Кәсіби бағдар беру бойынша Гимназия Парламентінің фракция басшылары “Тұлға болу өзіңнен!” атты тренинг 8 “А” сыныбының білім алушыларымен өткізді.
Бұл жиынның басты мақсаты өскелең ұрпаққа жауапкершілікпен ұйымдастырушылық мектеп өмірінде де алдағы болашақта да қажетті аспектілерді бірі екенін ұғындыру. Гимназия Парламентінің жұмысын таныстыру, атқарылып жатқан жұмыстармен қызықтыру, ынталандыру. Сонымен бірге фракция басшылары Еріктілер мектебі жайлы жарнамалап оқушыларды белсенді болуға шақырды. Тренинг шапалақ әдісі, топпен жұмыс жасау, “менің жеке кәсібім” атты ойындармен толықтырылды.
Толығырақ...Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында “С.Сейфуллин атындағы гимназиясы”КММ-де “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубының мүшелерімен алғашқы отырыс дөңгелек үстел форматында өтті. Жетекші А.Қ.Балгабаева
клуб мүшелерінің міндетімен алдағы уақытта жасалатын жұмыс жоспары жөнінде таныстырды.
Іс шара барысында бейнебаянды талқылау, жағдаяттарды шешу және “Қара нүкте” секілді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларға толық мағұлмат берілді.
Адал ұрпақ клубының басты міндеті мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
Толығырақ...білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования города Сатпаев управления образования области Ұлытау