Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында “С.Сейфуллин атындағы гимназиясы”КММ-де “Адал ұрпақ” ерікті мектеп клубының мүшелерімен алғашқы отырыс дөңгелек үстел форматында өтті. Жетекші А.Қ.Балгабаева
клуб мүшелерінің міндетімен алдағы уақытта жасалатын жұмыс жоспары жөнінде таныстырды.
Іс шара барысында бейнебаянды талқылау, жағдаяттарды шешу және “Қара нүкте” секілді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушыларға толық мағұлмат берілді.
Адал ұрпақ клубының басты міндеті мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.