Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ
КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования города Сатпаев управления образования области Ұлытау
МЕНЮ
Желтоқсан айында вакансияда тұрған география мұғалімінің орнына "С.Сейфуллин атындағы гимназиясы" КММ-нің директорының 2024 жылғы 4 қаңтардағы №24 бұйрығымен Калмуратов Калихан Жаксылыкович қабылданды.
Дебат — мақсатты, ретке келтірілген көзқарас, пікір мен идея алмасу. Әлемдік тәжірибеде жастардың дебат қозғалысы ерекше әлеуметтік құбылыс саналады. Сондықтан білім алушылардың ой-өрісін дамыту,іздендіру, мәдениет-тілікке тәрбиелеу мақсатында мектебімізде дебат ойындары ұйымдастырылуда.
Кезекті дебат ойыны Авангард және Абсолют фракцияларының арасында “Байқоңыр бағымыз ба, сорымыз ба?” қарары төңірегінде болды.
Ойын қорытындысы бойынша Авангард фракциясы жеңіске жетті, “Үздік спикер” Апекова Надира атанды.
2024 жылдың 12 наурыз күні гимназия директоры Г.А.Джакипова “С.Сейфуллин атындағы гимназиясы”КММ-нің педагог ұжымымен төмендегідей мәселелер бойынша
1. Педагогикалық әдептің орындалуы туралы;
2. Бала құқығын қорғау;
3. Мектеп формасы жөнінде жиналыс өткізді.
Г.А.Джакипова педагогикалық әдептің негізгі принциптеріне баса назар аудару, №190 бұйрықты қайта қарап, жауапкершілік таныту жөнінде сөз қозғады. Сонымен қатар жалпы баланың конституциялық құқығын қорғау жөнінде бірнеше баптарға шолу жасалып, орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы No 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда No 130 бұйрық жөніндегі құжаттармен таныстырды.
Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ-нің педагогикалық ұжымының арасында педагог қызметкерлерді аттестациялау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілд
Гимназия директоры Г.А.Джакипова
No 83 «АТТЕСТАЦИЯ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ» бұйрығының негізгі өзгерістерімен таныстырды. Директордың БО жөніндегі орынбасары Ф.Т.Оразалина орта білім беру ұйымындағы педагог қызметін бағалау критерийлерімен және нәтижелік көрсеткіштерімен, өтпелі кезеңдегі мұғалімдерді аттестациялаудың кезеңдік алгоритмімен таныстырды. Сондай-ақ педагогикалық ұжымның көкейінде жүрген сұрақтар қойылып, пікірлер ортаға салынды.
© 2025 Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы
білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования города Сатпаев управления образования области Ұлытау