Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы

білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ
КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования
города Сатпаев управления образования области Ұлытау

МЕНЮ

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы аясында 2022 жылғы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ-дегі ішкі талдау қорытындыс

 Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Осы орайда  «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жұмыстар бойынша 2022  жылға арналған Кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Осы бағытта келесі нормативтік-құқықтық актілер басшылыққа алынды:

* Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығы;

* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы;

* Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стандарт;

* Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы бұйрық.

       Гимназияның веб-сайтына бұл заңнамалар орналастырылған және мекеме қызметкерлері құқықтық оқыту барысында өзгертулер мен толықтырылулары бойынша таныстырылған. Веб-сайттарда  орналастыру туралы білім мекемелеріне ұсыныстар беріліп,   электронды почталарына жіберілген.

 «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ  ҚР Оқу ағарту министрлігі әзірлеген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелеріне сәйкес 8 мемлекеттік қызметті жүзеге асырады. Гимназияда мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары, оның инфографикасы ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған.

Сыбайлас-жемқорлық қатерлерін болдырмау мақсатында «Білім мекемелерінің қызметін автоматтандыру» жобалары енгізіліп, жүзеге асырылуда. Гимназияға 1-ші сыныпқа құжаттар қабылдау Білімал бағдарламасы аясында электронды - автоматты нысанға көшіріліп, «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес білім  беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға  қабылдау электронды форматта жүзеге асырылуда. Биылғы оқу жылында  117 оқушы құжаты электронды нұсқада, 14 оқушы құжаты кеңсе арқылы қағаз нұсқада қабылданды.

 Гимназияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтіне жауапты тұлға тағайындалған. Бұл қызметтер жұмысының негізгі мақсаты тиісті ұйымның және қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету және осы бағыттағы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады. Гимназияда бірінші басшы бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлғаның  лауазымдық нұсқаулықтары қосымша міндеттермен толықтырылған. Сонымен бірге гимназяда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметтерінің ережелері құрылған.

 Сыбайлас жемқорлықты болдырмау  мақсатында гимназияда 2021 жылдың қаңтар айынан бастап қаржыландыру және бухгалтерлік есеп «1–S бухгалтерия» жүйесіне көшірілді,  «Ашық бюджет» QR код тақталары орналастырылып, онда гимназияға бөлінген қаржы мен оның игерілуі туралы мәліметтер салынып, қолжетімділігі қамтамасыз етілген, веб-сайтта «Ашық бюджет» бойынша барлық бөлінген қаражат, оның игерілуі туралы ақпараттар жарияланып, жаңартылып отырылады.

2022 жылы мемлекеттік сатып алу веб-порталында  электрондық сатып алу жұмыстары және қызмет көрсету бойынша  86 хабарлама жүргізілді.Барлық тауарларды жеткізу, қызметтер мен жұмыстар шарт міндеттемелерінің уақытына сай орындалуда.

Гимназияда  жұмысқа қабылдаудың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Еңбек кz»  сайтында жарияланған бос жұмыс орындары туралы мәліметтер салынып, үнемі жаңартылып тұрады.7 педагог, 4 кіші қызметкер  жұмыспен қамтамасыз етілді. 

Қазіргі таңда педагогтарының басты назарында еліміздің болашағы өскелең ұрпақ бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, азаматтық ұстанымды қалыптастыру. Осы мақсатта «Адал Ұрпақ» клубтары ашылып, бекітілген жұмыс жоспарларына сәйкес,  15 клуб мүшелерімен іс-шаралар атқарылады. Ағымдағы жылы 12  іс-шара ұйымдастырылған, оның 5-і аса маңызды іс-шаралар.

Қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және жастарға өздерін жақсы, адал тұлға ретінде тануға мүмкіндік беру мақсатында гимназияда «Сатушысыз дүкен» ашылған. Бұл дүкеннен оқушылар өздеріне қажетті кеңсе тауарларын сатып алып отырады. Бұл жоба арқылы өскелең ұрпақтың бойында адалдық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру көзделуде.

 «Адал ұрпақ»  ақпараттық стенді безендірілген.

Ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен, оқушылармен  өткізілген іс-шаралар әлеуметтік желілерде жарияланып отырылады.

Гимназияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру бағытындағы іс-шаралар жоспар бойынша әрі қарай жалғасып, жүргізіледі.

Дайындаған: директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Ф.Т.Оразалина

© 2025 Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы

білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования
города Сатпаев управления образования области Ұлытау