12.01.2023 жылы директор жанындағы кеңесте сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу іс-шаралары туралы мәселе қаралды, онда директордың БО жөніндегі орынбасары Оразалина Ф.Т. гимназия педагогтерін тағы да «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ-нің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартымен» таныстырды, 2023 жылға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарымен таныстырды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия құрылды. Ол комиссияға төмендегі мұғалімдер кірді.
1.Джакипова Г.А. – Комиссия төрайымы, директор;
2.Оразалина Ф.Т. – Комиссия төрайымының орынбасары, директордың БО жөніндегі орынбасары;
Мүшелері:
3.Абельдинова Д.Б. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
4.Софинов А.С. – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
5.Панькова Е.О. – гимназия кәсіподақ комитетінің төрайымы;
6.Өміржанова А.Б. – хатшы, әлеуметтік педагог.
2022 жылдың жарты жылында гимназияда гимназия қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылық фактілері анықталмады.
9.04.2021 күні "С.Сейфуллин атындағы гимназияның" білім алушылары мен "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубы мүшелері "Жезқазған аймағы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқармасының" аса маңызды істер жөніндегі офицері Айдын Маратұлы Құрманалиевпен "Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі" тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу мақсаты сыбайлас жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру. Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Кездесу барысында білім алушылар тарапынан "Жемқор адам алушы ма, беруші ме?", "Жемқорлықты жеңу мүмкін бе?", "Жезқазған өңірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай профилактикалық жұмыстар жүргізілуде?, "ҚР заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қандай жазалар қолданады?" сияқты сұрақтар қойылды. Айдын Маратұлы білім алушылардың сұрақтарына толыққанды жауап берді. Кездесу өз мақсатына жетті.