Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Вопрос:
Қайырлы күн! Қандай жағдайда баланы үйден оқытуға ауыстыруға болады? Қандай құжаттар қажет?
Ответ:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығына 3-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидасы бекітілген. Қағидаға сәйкес 1) өтініш (еркін нысанда), 2) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы болған жағдайда, тегін түрде мемлекеттік қызмет көрсетіледі.