2025 жылдың 10 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы ұйымдастырған «Әділетті қоғам: саяси қағидаттар және құндылықтар жүйесі» тақырыбындағы онлайн семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренингке С.Сейфуллин атындағы гимназиямыздың білім алушылары белсене қатысты. Оқыту барысында қатысушыларға әділеттілік тұжырымы: тарихи дәстүрлер және қазіргі заманғы пайымдаулар, «Әділетті Қазақстан» саяси бағдарламасының тұжырымдамалық негіздері мен құндылық бағдарлары жайлы мазмұнды ақпарат ұсынылды.
Сонымен қатар, командада жұмыс істеу әдістері, әлеуметтік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру жолдары тәжірибелік тапсырмалар арқылы меңгертіліп, оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Семинар-тренинг барысында алған білім мен тәжірибе гимназия оқушыларының әлеуметтік белсенділігін арттыруға, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және әділетті қоғам құрудағы жауапкершілігін сезінуге ықпал етті.






