Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы

білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ
КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования
города Сатпаев управления образования области Ұлытау

МЕНЮ
5 қыркүйек күні "С.Сейфуллин атындағы гимназиясы" КММ-де 9–11 сынып оқушыларына арналған кездесу өтті. Кездесуге «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС жанындағы Ардагерлер кеңесі» ҚБ Сәтбаев филиалының басшысы Мулахов Әбуләйіс Түсіпбекұлы және ақпараттық-түсіндіру тобының бөлім басшысы Жағыпаров Еркебұлан Маратұлы қатысты.
Кездесу барысында «Деструктивті ақпараттан қалай сақтанамыз?» тақырыбында әңгіме өрбіді. Мулахов Ә.Т. оқушыларға жат ағымдардың қоғамға тигізетін зияны туралы түсінік беріп, олардан сақтанудың жолдарын нақты өмірлік мысалдармен байланыстыра түсіндірді. Сонымен қатар, ол жастарды ізденуге, білім алуға, өнер-білімге құштар болып, білікті маман иесі атануға шақырды. Әңгіме барысында өңіріміздің өркендеуіне қажетті мамандық иелерін даярлау мәселесі де сөз болды.
Ә.Т. Мулахов жастарды жоғары білім алып, болашақта Ұлытау облысының дамуына өз үлестерін қосуға үндеді. Оқушылар құнды ақпарат алып, өздерінің болашағына қатысты ой түйді.
542619854 1576559536659435 9071606348267630617 n
© 2025 Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы

білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования
города Сатпаев управления образования области Ұлытау