2025 жылдың 1 қыркүйегі — «Білім күні» қарсаңында Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде «Дене жаттығуларын өткізу тұжырымдамасы» аясында салтанатты жиындар 5 минуттық дене жаттығуларымен басталды.
Дене жаттығуы — оқушылардың белсенділігін арттырып, денсаулығын нығайтудың тиімді құралы.
«С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ-де бұл бастама жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Гимназия ұжымы мен оқушылары дене жаттығуларына белсенді қатысып, ерекше ынтамен атсалысты.
Жаттығулар балалармен бірге жағымды әуеннің сүйемелдеуімен, көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Бұл қарапайым әрі қолжетімді шара әрбір оқушының денсаулығы үшін маңызды екенін көрсетті.





