Бүгін білім бөлімінің мәжіліс залында арнайы сараптамалық топтың қатысуымен авторлық бағдарламаны сараптау жұмысы жүргізілді.
Ұсынылған авторлық бағдарлама мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сай, педагогтің немесе педагогтер ұжымының ұзақ мерзімді тәжірибесі нәтижесінде білім алушылардың қажеттілігін ескере отырып әзірленеді.
Білім беру ұйымдарынан 32 авторлық бағдарлама мен әдістемелік жинақтар ұсынылды.






