Бүгін 14.03.2025ж. Сәтбаев қаласы білім бөлімінің “С.Сейфуллин атындағы гимназиясы” КММ-де “Білім берудегі құзыреттілік: тиімді әдістер мен жаңа бағыттар” атты облыстық семинар өтті.
Семинарда «Даналық мектебі» жобасы аясындағы іс- шара жоғары деңгейде өтіп, құндылықтарға толы бағдарлама ұсынылды. Ата-аналар қоғамы өкілдерінің өскелең ұрпақты тәрбиелеуде халықтың ұлттық құндылықтары мен педагогикалық дәстүрлерін қолданудың оң тәжірибесімен бөлісті. Жоба қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын, мәдениеті мен рухани мұраларын насихаттап, жас ұрпақтың ұлттық рухын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.