Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы

білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ
КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования
города Сатпаев управления образования области Ұлытау

МЕНЮ
2024 жылдың 13 қараша күні 2-7 сынып оқушыларының арасында «Зерде» ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңі өтті. 26 оқушы мектепішілік кезеңге өз жұмыстарын ұсынды.
Зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытатын қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету және зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту мақсатында жетекші мұғалімдер оқушыларымен бірге жоба тақырыптарын таңдап, зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оқушылар жан-жақты ізденген, тәжірибелер жасаған,қосымша көрнекіліктер дайындаған. Өздерін еркін, мәдениетті ұстайды, ойларын жүйелі,мазмұнды жеткізуге дағдыланған.
Қазылар алқасы жұмыстарға талдау жасап, ұсыныс, пікірлерін айтты.Тың тақырыптарға таңдау жасап, тыңғылықты зерттеу жүргізе білген жеңімпаз оқушылар анықталып, марапатталды. Жұмыстары «Зерде» ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңіне ұсынылды.
Директорының бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ф.Т.Оразалина мен директордың тәрбие ісі жөніндегі ооынбасары А.Т.Казиева байқауды қорытындылап, қатысқан оқушылар мен жетекшілеріне алғыс білдіріп, жеңімпаз оқушыларға қалалық кезеңде сәттілік тіледі.
 
41  
 
42  
 
45
© 2025 Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы

білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования
города Сатпаев управления образования области Ұлытау