20 қазан "С.Сейфуллин атындағы гимназиясы" КММ-де жас мамандарға арналған семинар өтті.
Мақсаты: жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби деңгейін көтеру. Педагогикалық жаңашылдық пен кәсіби құзіреттілігін дамыту негізінде "Оқыту үрдісінде инновациялық әдістерді қолдану" тақырыбында өтілген семинардың жас маман үшін маңызы зор болды. Әр қатысушы өзінің сабағынан үзінді көрсетті. Гимназия психологы Перизат Мағауияқызы тренинг өткізіп, педагогикалық жағдаяттарды шешу жолдарын қарастырды.


