16 қараша күні «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ-де «Ата-аналармен жұмыстың тиімді формалары» атты педагогикалық шеберхана апталығы аясында өткен «Support» (қолдау) сағатына ата-аналар белсене қатысты. Әр ата-ана пән мұғалімдерімен, мектеп әкімшілігімен және психологпен кездесу барысында өзінің баласы жайлы ақпарат алып, оны дамыту жолдарын қарастыра білді.