Қазақтың ұлттық киімі - қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі.
Ұлттық киіміміз сонау көшпелі заманнан салт-дәстүрімен бүгінге дейін жалғасын табуда. Қазақы киімдер жыл мезгілдеріне және жас ерекшелігіне қарай бөлінеді. Киімдеріміздің пішіндері мен нақыштары ерекше болғандықтан, оған кез келген ұлт қызығып қарайды. Олардың кейбірі бұрынғы заманнан сақталып, ал кейбірі заманауи өзгерістерге ұшыраған. Ал кейбіреулері өкінішке орай, мүлде сақталмаған. Осы орайда Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамы қарсаңында жас ұрпаққа ұлттық киімнің аталуына қарай дәріптеу мақсатында гимназиямызда “Сымбат модельдік агенттігінің” дефилесі өтті. Дефиледе киімнің атауларына қарай түрлері көрсетілді.