Гимназия парламентінің ұйымдастыруымен 1-наурыз Алғыс айту күніне орай “Мейірімге толы балалық шақ!” атты іс-шара “Маруа Құлұшева атындағы қиын өмір жағдайындағы балаларды қолдау орталығы” КММ-де іс-шара өтті. Іс шара барысында 4 және 14 жас аралығындағы балаларға концерттік бағдарлама қойылды. Парламент министрлері балалардың көңілін көтеріп, қызықты ойындар мен көріністер қойып, балақайлармен көңілді би биледі. Іс шара аяқталған соң балаларға арналған тәтті фуршет жасалды. Қайырымдылық шарасын өткізгені үшін балалар орталығының директоры оқушылар мен жетекшілерге үлкен алғысын білдіріп, оқуларына табыс тіледі.
Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ
КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования города Сатпаев управления образования области Ұлытау
МЕНЮ
“Мейірімге толы балалық шақ!”
© 2025 Ұлытау облысы білім басқармасының «Сәтбаев қаласы
білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ КГУ "Гимназия имени С.Сейфуллина» отдела образования города Сатпаев управления образования области Ұлытау