2024 жылдың 12 наурыз күні гимназия директоры Г.А.Джакипова “С.Сейфуллин атындағы гимназиясы”КММ-нің педагог ұжымымен төмендегідей мәселелер бойынша
1. Педагогикалық әдептің орындалуы туралы;
2. Бала құқығын қорғау;
3. Мектеп формасы жөнінде жиналыс өткізді.
Г.А.Джакипова педагогикалық әдептің негізгі принциптеріне баса назар аудару, №190 бұйрықты қайта қарап, жауапкершілік таныту жөнінде сөз қозғады. Сонымен қатар жалпы баланың конституциялық құқығын қорғау жөнінде бірнеше баптарға шолу жасалып, орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы No 26 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 ақпанда No 130 бұйрық жөніндегі құжаттармен таныстырды.