“С.Сейфуллин атындағы гимназиясында” 5 қазан ҰСТАЗДАР қауымына арналған “Ұстаз-ұлы тұлға” атты мерекелік іс-шара өтті. Гимназия директоры Джакипова Гульсана Амантаевна барша ұстаздарға құттықтау лебізін білдіріп, іс-шара марапаттау сәтімен жалғасты. Еріктілер клубы мен Парламент мүшелері ұстаздарға музыкалық қойылым көрсетіп, жас мамандарымыздың әдемі әуендері мерекенің шырайын кіргізді.