«С.Сейфуллин атындағы гимназия» КММ-де 17 ақпан күні гимназияның тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиясы асханада кезекті тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында күнделікті пайдаланылатын тамақ өнімдерінің сапасы, оны сақтау шарттары, тамақ өнімдерінің өткізу мерзімдері, тамақты дайындау сапасы, мәзірдің дұрыс жасалынып білім алушыларға берілуі тексерілінді. Тексеріс қорытындысы тамақтану сапасының мониторингі актісімен рәсімделді.









