«С.Сейфуллин атындағы гимназиясы» КММ-де 9 ақпан 2023 жылы бекітілген жоспар бойынша ақпан айында мектеп асханасына бракераж комиссия мүшелері мен қамқоршылық комиссия мүшелері тексеру жұмыстарын жүргізді. Бракераждық комиссияның мүшелері: мектеп директоры: Г.А. Джакипова, қамқоршылық комиссия мүшесі және ата-ана комитеті: М.М. Жүнісбек, мектеп медбибісі: А.С. Джанкелдиева, әлеуметтік педагог: А.Б. Өміржанова мектеп асханасындағы тамақтандырудың ұйымдастырылуына, асханаға байланысты құжаттарды, асхананы және тағамдардың талапқа сай болуына тексеріс жүргізілді. Жұмыс барысында асхананың санитарлық жағдайы, оқушыларға арналған тағамның сапасы тексерілді.






