«ОҚЫТУДЫҢ ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ” педагогикалық технология барлық оқушылардың МЖМБС талаптарынан төмен емес білім мен дағдыларды алуын кепілдікпен қамтамасыз етуге және оған қоса олардың өмірлік дағдыларын, пәндік және түйінді құзыреттерін, функционалдық сауаттылығын, креативтілігін (шығармашылық қабілеттерін) дамытуға ықпал етеді. Сондықтан қазіргі уақытта ”ОҚЫТУДЫҢ ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ” технологиясы білім беру жүйесінде педагогикалық ғылым мен практиканың жаңа перспективалы бағытына айналуда.
24 қазан күні С.Сейфуллин атындағы гимназиямызда "Үшөлшемді әдістемелік жүйе» бойынша бірнеше мұғалім сабақтар өткізді. Кесте бойынша мұғалімдердің сабақтарына ҮӨӘЖ авторы Ж.У.Кобдикова, Ш.К.Нұрманбетова Ұлытау Облысының Әдістемелік Орталығының әдіскерлері Тыныштықбай Абылай Қанатұлы, Рыспамбетова Жансая Бериковна, Сәтбаев Қаласының Білім Бөлімінің әдіскері Жунусова Айгул Дуйсекеевна қатысты. Сабақ аяқталған соң мұғалімдер әдіскерлер тарапынан әдістемелік кеңес алып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Сонымен қатар Ш.К.Нұрманбетова технология бойынша оқушыларға да сұрақтар қойып, мардымды жауаптар алды.