Қазақстан Республикасы Конституция күніне орай Сәкен Сейфуллин атындағы гимназиясының директоры Гульсана Амантаевна Джакипова Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен марапатталды, бұл гимназияның үш жылғы жетістіктерінің нәтижесі десек жаңылмаймыз. Гульсана Амантаевна басшылық атқарған кезеңде гимназия біраз белестерді бағындырды: 3 жыл қатарынан облыста "Инновациялық мектептер арасында үздік олимпиадалық команда" атағын алды, 2023 жылы "Үздік мектеп" атанды, 2025 жылы Қазақстан Республикасы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің рейтинг көрсеткіштері бойынша 100 үздік мектептің қатарына кірді. 2024 жылы "ARQA" білім сапасын бағалау және аккредиттеу бойынша тәуелсіз агенттігімен 5 жылға аккредиттелді. Гимназияның облысымыздағы беделді білім ордасы болуына Гульсана Амантаевнаның қосқан үлесі зор. Гульсана Амантаевнаны осы марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!







